"Қазақстан өз азаматтарын шетелге экстрадицияламайды": Сенат спикері Украинада журналиске оқ атқан күдіктілерге қатысты мәлімдеме жасады
Сенатор Мәулен Әшімбаев Киевте журналист Айдос Садықовқа қастандық жасады деген екі қазақстандық күдіктіні Украинаға экстрадицияламайтынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Stan.kz коллажы / журналист Айдос Садық және сенат спикері Мәулен Әшімбаев
Украина билігі күдіктілерді экстрадициялауды сұрады. Бірақ сенат спикері Мәулен Әшімбаев “біз Қазақстан азаматтары туралы айтып отырмыз, сондықтан олар экстрадицияланбайды” деп жауап берді.
“Еліміздің заңнамасына сәйкес, біздің республикамыздың азаматтарының құқығына басымдық береді. Сондықтан мұның осы жағдайға қатысы жоқ екенін, қай істе болсын, заң мен принципке бағынатынымызды айтқым келеді: Қазақстан өз азаматтарын шетелге экстрадицияламайды”, – деп түйіндеді Мәулен Әшімбаев.
Бұған дейін екі күдіктінің бірі Алтай Жақанбаевтың өзі полицияға келіп, кінәсін мойындады. Екіншісі Мейрам Қаратаев (бұрынғы полицей) әлі іздестіріліп жатыр.
Еске салайық, журналист Айдос Садықты Украинада атып кеткені айтылған еді. Кейін екі күдікті анықталды. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жағдайға пікір білдіріп, дипломатиялық арналар мен құқық қорғау органдары арқылы оқиға бойынша Украина тарапына ресми сұратулар жіберіп, нақты тапсырма бергенін жеткізді. Айдос Садықтың әйелі де күдіктіні Киевке экстрадициялауды сұрады.