Қазақстан мини-футболдан әлем чемпионатында күміс медаль иеленді
БАӘ-ның Рас-эль-Хайма қаласында өткен мини-футболдан 2023 жылғы әлем чемпионаты аяқталды. Шешуші матчта Қазақстан құрамасы Румынияға есе жіберді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Шешуші матчтың негізгі уақыты 2:2 есебімен тең аяқталды. Қазақстандық Унгур Мерсеа Киприан мен Авель Таржанов гол салды.
Экстра-тайм ештеңе шешпеді, ал пенальтиде румыниялық футболшылар басым түсіп, 12:11 болды.
Нәтижесінде Румыния құрамасы жеңімпаз атанды, қазақстандық футболшылар күміс медальді иеленді. Ал үшінші орынды Венгрия алды.
Айта кетейік, қазақстандық құрама мини-футболдан әлем біріншілігінің финалында тұңғыш рет ойнады. Олар үш команданы жеңіп, топтық кезеңнен сәтті өтіп, турнирдің 1/8 финалына бірінші болып шықты. Ал плей-офф кезеңінде Мексиканы, содан кейін Чехияны, ал жартылай финалда Әзірбайжанды жеңді.
"Қазақстанға Алланың мықты бір азабы керек" деген қарағандылық мұғалім жұмысынан кетті
"Хиджабты мектепте кимейді" дейді мұғалім өзінің қыздары жайлы
"Өзімді қызбын деп шектеген емеспін": Қазақстандағы құтқару авиациясының жас ұшқышы қалай адамдарды құтқарып жүр
Ол – еліміздегі құтқару қызметінде тікұшақ басқаратын үш қыздың бірі