Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Ұлыбритания білім саласында ынтымақтастықты нығайтты

20 наурызда Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясында (ҚазБСҚА) халықаралық білім беру саласында диалог өтті. Қазақстандағы British Expertise International (BEI) беделді білім беру бизнес-миссиясы аясында "Алматыдағы серіктестермен өзара әрекеттесу" сессиясы болды.

ҚазБСҚА-дағы британ сарапшыларымен кездесу нәтижелері қандай?

Жоғары білім берудің жетекші сегіз британдық сарапшысынан тұратын делегациясы ҚазБСҚА алаңында толық форматты іскерлік келіссөздер жүргізді. Оған Қазақстанның жетекші университеттерінің, соның ішінде: Astana IT University, Назарбаев Университеті, ҚазБСҚА және Қазақстан-Британ техникалық университетінің өкілдері қатысты.

Панельдік талқылаулар барысында қатысушылар білім берудегі технологиялар мен жасанды интеллектіні дамыту, жоғары білім сапасын қамтамасыз ету, жұмыспен қамту және үздіксіз оқыту дағдылары, сондай-ақ Қазақстанның білім беру саласына жеке инвестицияларды тарту механизмдерін талқылады.

Ғылым және жоғары білім министрі стратегиялық серіктестік туралы не ойлалайды?

17 наурызда Астанада бизнес-миссияның ашылуына қатысқан Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек халықаралық білім беру байланыстарын дамытудың маңыздылығын атап өтті:

"Жоғары білім саласындағы британдық сарапшылармен ынтымақтастық Қазақстан үшін стратегиялық маңызы бар қадам. British Expertise International-мен өзара байланысқан үш жылда халықаралық білім беру стандарттарын түсініп, енгізуде айтарлықтай алға жылжыдық. Ынтымақтастықтың ауқымы он есеге өсіп, өзара қызығушылық пен бірлескен жобаларымыздың тиімділігін арттыруда"

Министрдің айтуынша, мұндай кездесулер тәжірибе алмасуға ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның білім беру саласына шетелдік инвестицияларды тартудың нақты механизмдерін қалыптастыруға ықпал етеді. Бұл демографиялық өсу мен сапалы білімге қажеттіліктің артуында ерекше өзекті.

Білім беру жүйесіндегі демографиялық өсім

Халықаралық білім беру корпорациясының (МОК) құрылтайшысы Айғазы Құсайынов өз сөзінде Қазақстанның білім беру саласындағы демографиялық өзгерістердің ауқымын атап өтті:

"Кездесуде біз бұрын-соңды болмаған өсімді көрсететін деректермен бөлістік. Соңғы 5 жылда мектеп бітірушілердің саны екі есеге көбейді.  Жыл сайын 143 мыңнан 280 мың адамға дейін артқан. 2029 жылға қарай бізде жылына 550 мыңнан астам түлектер болады деп болжап отырмыз. Бұл демографиялық өсім бүкіл білім беру жүйесінің түбегейлі өзгеруін талап етеді"

Талқылау қорытындысы бойынша, жылдам даму жолы студенттердің өсіп жатқан санына сапалы білім беруге қабілетсіз болып шықты. Сол себепті әлемдік білім беру кеңістігіндегі интеграция арқылы сапалы жаңарту қажет етеді.

Ұлыбританиямен стратегиялық серіктестік

British Expertise миссиясының басшысы Луиза Эдвес 17 наурызда Астанада Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен және Ұлыбритания елшісі Кэти Личпен кездесуде айтылған бизнес-миссияның қорытындысымен бөлісті:

"ҚазБСҚА-дағы бұл сессия Қазақстандағы жұмысымыздың жоғары деңгейі болды. Біз білім беру бастамаларын дамыту үшін үлкен әлеуетті көріп отырмыз. Соңғы 3 жылда Қазақстан біз үшін басым елдердің ТОП үштігіне кірді. Біздің өзара ынтымақтастығымыз жалғасуда. Егер үш жыл бұрын министр Саясат Нұрбекпен кездесуге 5 адам қатысса, биыл 140 адам келді. Яғни өзара қызығушылық осылайша артуда"

Эдвес British Expertise International ғаламшардағы климаттың өзгеруі мен білім салаларында дағдыларды дамытуды белсенді қолдайтынын атап өтті. Сонымен қатар түрлі елдерге халықаралық нарық мүмкіндіктерін арттыруға көмектесетін іс-шаралар ұйымдастыратынын жеткізді.

Қазақстан білім беруде туризм орталығы 

Кездесудің маңызды нәтижелерінің бірі Қазақстанның білім беру туризмі саласындағы әлеуетін мойындау болды. Миссияға қатысушы Харприт Бангер өз сөзінде:

"Талқылай келе Қазақстанда білім берудің аймақтық хабына айналу үшін барлық алғышарттар бар екеніне көзіміз жетті. Бұл ел білім беру мекемелерін дамытуға арналған тамаша орын. Мұнда халықаралық университеттердің филиалдарын ашу мүмкіндігі мол. Білім алып, өмір сүру құны да қолжетімді. Соның арқасында тек көрші елдердің ғана емес, алыс шетел студенттерінің де қызығушылығы артуда"

Ынтымақтастықтың нәтижесі

Ұлыбританиядан келген делегаттармен нетворкинг-сессия барысында британдық және қазақстандық жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты кеңейту туралы алдын ала келісім жасалды. Халықаралық білім беру корпорациясы халықаралық білім беру мекемелерін Қазақстанға тарту бойынша өзінің табысты бастамаларын ұсынды.

Кездесуде Academic City жобасына ерекше назар аударылды. Талқылаулардың нәтижелері бойынша, Academic City құрылысы студенттерді жайлы жатақханалармен қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен қатар профессор-оқытушыларға пәтерлер ұсынады. Сондай-ақ қосымша оқу корпустарынан басқа коливинг және коворкинг сияқты заманауи жұмыс кеңістіктерін құрады. Бұл жоба білім беру саласындағы демографиялық өсуге байланысты инфрақұрылымдық мәселелердің кешенді шешімі ретінде қарастырылады.

Кездесуге қатысушылар сондай-ақ демографиялық өсу жағдайында білім беру жүйесін табысты трансформациялаудың негізгі факторлары ретінде білім берудегі жасанды интеллектті қолдануды, қазақстандық жоғары оқу орындарының бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуді және білім беру жобаларына жеке капиталды тарту механизмдерін талқылады.

Бағдарламаның ресми бөлігінің соңында қонақтар ҚазБСҚА-ның инновациялық кампусына барып, Қазақстанның жетекші сәулет-құрылыс жоғары оқу орындарының бірінің инфрақұрылымы мен техникалық жабдықтарымен танысты.

Талқылау