Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы кеденшілер күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Қазақстан мен Өзбекстан шекарасындағы кеденшілер күшейтілген жұмыс режиміне көшті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл жөнінде мемлекеттік кірістер комитеті мәлімдеді.

кеден

“Өткізу қабілетін арттыру мақсатында, қазақстандық және өзбек мемлекеттік органдар келісім бойынша күшейтілген режимге ауыстырылды. Осыған байланысты, өткізу пунктеріндегі кептелістер жақын арада жойылатын болады”, – делінген ақпаратта.

20 сәуірде ауа-райының қолайсыздығына байланысты, Өзбекстан республикасына өту үшін кезекте тұрған 200-250 көлік құралынан тұратын кептелік пайда болғаны айтылады.



Түркістан облысындағы "Қапланбек" кеден бекеті қайта жөндеуге жабылған. Осыған байланысты, 2023 жылдың 15 ақпанынан бастап "Қазығұрт" (ҚР) – "С.Наджимов" (ӨР), "Атамекен" (ҚР) – "Гулистан" (ӨР) өткізу пункттері арқылы жеке тұлғалар мен жеңіл көліктердің өткізілуі тоқтатылды.

“Дегенімен, шекаралық өткізу пунктерінің өткізу қабілеті төмендемегенін атап өту қажет. "Қазығұрт" және "Атамекен" кеден бекеттерінің әрқайсысы екі бағытта (импорт/экспорт) орта есеппен тәулігіне 350-400 жүк көлік құралдарын өткізуде. Ал модернизацияланған "Б. Қонысбаев" кеден бекеті 1 мыңнан астам көлік құралын өткізуде”, – деп қосты комитет өкілдері.

Талқылау