Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір лицензия түсті
Эдуард Ещенко стенд атудан Париж олимпиадасының жолдамасын жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҰОК
Стенд атудан Қазақстан құрамасының мүшесі Эдуард Ещенко Париждегі олимпиада ойындарына жолдама жеңіп алды. Отандасымыз Дохада өткен іріктеу турнирінде сәтті өнер көрсетіп, "скит" бағдарламасы бойынша іріктеуден өтіп, финалға жолдама алды. Сөйтіп шешуші раундта үшінші орыннан көрініп, олимпиада ойындарының жолдамасына ие болды.
Айта кетейік, бұған дейін "трап" бағдарламасы бойынша Мария Дмитриенко олимпиада жолдамасын иеленген еді.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды

