Қазақстан құрамасының әлем чемпиионатына іріктеудегі қарсыластары анықталды
Қазақстан футбол құрамасының әлем чемпионатына іріктеудегі қарсыластары анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҚФФ
Швейцарияның Цюрих қаласында 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатына еуропалық іріктеу турнирінің жеребесі тартылып, Қазақстан құрамасының қарсыластары белгілі болады. Жеребе нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы J тобына түсіп, Бельгия, Уэльс, Солтүстік Македония және Лихтенштейн құрамаларына қарсы ойнайтын болды. Бұл топтың матчтары 2025 жылы наурыз – қараша аралығында өтеді. Әр топта жеңімпаз атанған құрамалар әлем чемпионатына тікелей жолдама алса, екінші орын иегерлері тағы 4 жолдама сарапқа салынатын плей-офф кезеңінде бақ сынайды.
Айта кетейік, футболдан әлем чемпионаты 2026 жылдың 11 маусымы мен 19 шілдесі аралығында АҚШ, Мексика және Канадада өтеді.
"1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық желі қолданушылары "7-20-25" бойынша үй кезегіне күмән келтірді
Кей азаматтар ипотекалық брокерлер арқылы кезекті жылдамдатуға болатынын, мұндай "қызметтің" құны кемінде 1,5 млн теңгеден басталатынын айтуда
Жасы 90-нан асса да ел тізгінінде: Әлемдегі ең егде президенттер кімдер
20 президенттің 12-сі Африка елдерін басқарады

