Қазақстан құрамасы хоккейден әлем чемпионатын жеңіспен бастады
Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы матчын жеңіспен бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Олимпиада комитеті
Шайбалы хоккейден ІІ дивизиондағы әлем біріншілігіне қатысып жатқан Қазақстан құрамасы алғашқы кездесуінде жеңіске жетті. А тобына түскен хоккейшілеріміз Мексика құрамасына қарсы ойнап, 4:2 есебімен басым түсті. Қазақстан құрамы сапында Дария Молдабай, Әшімова, және М.Саяхатқызы көзге түсіп, Молдабай матчтың үздік ойыншысы деп танылды.
Айта кетейік, әлем біріншілігі 13 сәуірге дейін жалғасады. Қазақстан құрамасы бүгін екінші кездесуін қытайлық Тайбейге қарсы өткізеді.
Қазақстанда жақынынан айырылған қызметкерлер бір реттік төлем ала алады
Мектеп қызметкерлеріне 86 мың теңгеден астам көмек қарастырылған
"Жігітім үшін жер қазуға бардым": Қазақстандықтар желіде махаббат үшін жасаған ессіз әрекеттерін бөлісіп жұртты күлдірді
Бойжеткен: "Жігітті үйіне шығарып саламын деп иті артымнан қуды"

