Қазақстан құрамасы cемсерлесуден Азия чемпионатында күміс медаль иеленді
Қазақстанның ерлер командасы семсерлесуден Азия чемпионатында екінші орын алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұл – 17-22 маусым аралығында Қытайдың қаласы Усиде өтіп жатқан құрлық біріншілігіндегі жалғыз жүлде.
Азия форумының финалында қазақстандық қылыш шеберлері жапониялықтардан 25:45 есебімен жеңілді. Оған дейін ұлттық құрама филиппиндерді (45:37), Өзбекстан (45:40) және Оңтүстік Корея (42:36) құрамасын жеңді. Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай семсерлесуден командалық жарыста күміс жүлде алды.
Семсерлесуден Азия чемпионатында Қазақстан атынан 19 спортшы қатысуда.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен

