Қазақстан "Гауһар лига" кезеңінде күміс жүлде алды
Фото: olympic.kz
Қазақстан жеңіл атлетика құрамасының өкілі Нора Джеруто Швейцарияның Цюрих қаласында өткен "Гауһар лига" кезеңінде екінші орынға ие болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Қазақстандық жеңіл атлет қыз 3000 метрге тосқауылдар арқылы жүгіру сайысында мәреге 9 минут 10,87 секунд нәтижемен келді.
Жарыстың жеңімпазы кениялық Фейт Черотич болды — 8 минут 57,24 секунд. Үздік үштікті тунистік Марва Бузаяни түйіндеді — 9 минут 12,03 секунд.
Еске салайық, Нора "Гауhар лига" кезеңінде 2021 жылы чемпион атанған еді.
Айта кетейік, 2023 жылы Нораға допингке қатысты күдік қойылып, уақытша тоқтату шарасы енгізілгенімен, кейін бұл айыптар жоққа шығарылып, жарысқа шығуына рұқсат берілді.
Жүргізушілер Алматы әуежайында жолаушыларды түсіргені үшін салынған айыппұлдарға шағымданды: Полиция не дейді?
Полиция: "Әуежай аумағының жекелеген учаскелерінде 3.28 "Тоқтауға тыйым салынады" жол белгілері орнатылған"
Хлор мен уксусты араластырып ыдыс жуған қазақстандық әйел ауруханадан бір-ақ шықты
Дәрігер: “Қышқылдар мен күшті сілтілер өңеш пен асқазанның ауыр химиялық күйігін туғызады”

