"Қазақстан футболында қияметке дейін болашақ жоқ": Қуат Хамитов Қазақстан құрамасының болашағы туралы
Қазақстандық аралас жекпе-жек майталманы Қуат Хамитов Қазақстан футбол құрамасының болашағы жоқ екенін тағы да мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Қайрат ФК
Танымал спортшы Қуат Хамитов Әзірбайжаннан жеңіліп қалған Қазақстан футбол құрамасын тағы да сынның астына алып, болашағы жоқ екенін ашып айтты.
“Бұрында футбол ойнаған достарыммен отырып, Қазақстан футболы туралы әңгіме қозғағанда ылғи қалжыңдасамыз. Оларға қияметке дейін Қазақстанның футболында болашақ жоқ екенін айтамын” – деді Қуат Хамитов.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы соңғы төрт кездесу қатарынан қарсыластарына есе жіберді. Жақында ғана жолдастық кездесуде Армения мен Әзірбайжан құрамаларынан ұтылып қалды.
IT мамандығын бітіріп, аяқкиім тазалаумен айналысады: 23 жастағы қазақстандық айына миллиондарды қалай тауып жүр
IT мамандығын меңгерген жас кәсіпкер аяқкиім тазалаудан бизнес құрды
Қазақстандықтар брендтердің "қара тізімін" жасады: Кімге және не үшін бойкот жарияланды
Жазба астындағы пікірлерде Jah Khalib есімі көп кездеседі

