Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Еуро-2024-ке жолдама алса, қай командамен ойнайтыны белгілі болды

2 желтоқсанда Гамбургтегі (Германия) Эльбфилармония қабырғасында футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық бөлігінің жеребе тарту рәсімі өтті. Егер Еуро-2024-ке жолдама алса, Қазақстан құрамасының кімдермен ойнайтыны анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Құрлық біріншілігі келесі жазда Германияда өтпек. Егер Қазақстан құрамасы Еуро-2024-ке жолдама алса, Португалия, Түркия және Чехия құрамалары бар F тобында өнер көрсетеді. 

Қазақстан құрамасының Еуро-2024-ке Ұлттар лигасының плей-офф кезеңі арқылы өту мүмкіндігі бар. Германия жолдамаға ұтыс ойыны келесі жылдың наурыз айында өтеді. Қазақстан турнирдің С бөлімінде өнер көрсетеді. 1/2 финалда ұлттық құрама сырт алаңда Грекиямен ойнайды. Финалға шығу үшін гректермен кездесу сәтті болса, Қазақстан Грузия-Люксембург командаларының жеңімпазымен кездеседі.

Топтардың толық құрамы төмендегідей:

А тобы: Германия, Шотландия, Венгрия, Швейцария

В тобы: Испания, Хорватия, Италия, Албания

С тобы: Словения, Дания, Сербия, Англия

D тобы: А жолының жеңімпазы, Нидерланды, Австрия, Франция

Е тобы: Бельгия, Словакия, Румыния, В жолының жеңімпазы

F тобы: Түркия, C жолының жеңімпазы, Португалия, Чехия.

Талқылау