Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан билігі Ресей әскерін қамтамасыз етті деген күдікке ілінген компанияға қатысты мәлімдеме жасады

Қазақстанның ұлттық экономика министрлігі Ресей әскерінің қажеттіліктерін қамтамасыз етті деген күдікке ілінген “Elem Group” компаниясына қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

ресей Украина 2022

“7 желтоқсанда "Elem group" ЖШС АҚШ Сауда министрлігінің Өнеркәсіп және қауіпсіздік бюросының субъектілер тізіміне енгізілген. Айта кетейік, 2023 жылдың мамыр айынан бері "Elem group" ЖШС сыртқы сауда қызметін жүргізбеген. Енгізілген шектеулер бұдан былай Америка Құрама Штаттарынан жеткізушілер арнайы лицензия алмай-ақ осы тізімге енгізілген компанияларға американдық тауарларды жібере алмайтынын білдіреді”, – деп мәлімдеді ұлттық экономика министрлігі.

Ақпаратқа сәйкес, "АҚШ Сауда министрлігі шектеулеріне ұшыраған компаниялар америкалық контрагенттермен жұмыс істеуді қоспағанда, жұмысын жалғастыра алады".



“Бұл тізімге сонымен қатар Германия, Жапония, Бельгия, Ұлыбритания және т.б. дамыған елдердің кәсіпорындары кіреді. Айта кету керек, бұл екінші реттік санкциялар емес, яғни олар АҚШ-тың Шетелдік активтерді бақылау бойынша қазынашылық басқармасының (OFAC) блоктау тізіміне (SDN тізімі) қолданылмайды”, – делінген мәлімдемеде.

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық Elem group компаниясы Украинадағы ресейлік әскерді қажетті заттармен қамтамасыз етті деген күдікке ілінгені хабарланған.

Талқылау