Қазақстан биыл 11 жаңа ұшақ сатып алады – министрлік
Биыл Қазақстанға 11 жаңа ұшақ жеткізіледі. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Алмаз Ыдырысов айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сенатта еліміздегі әуе көлігі мәселелеріне қатысты жиын барысында, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі еліміздегі ұшақ қатарының көбейетінін айтты.
"Әуе рейстері санын көбейту үшін компаниялармен бірлесіп, ұшақтар паркін толықтыру жоспары қабылданды. Былтыр 14 ұшақ сатып алынса, биыл 11 ұшақ жеткізіледі. Жалпы, 2025 жылдың соңына дейін тағы да 42 ұшақ қосылады. Осы орайда ұшақтардың саны 132-ге жетеді", – деді Алмаз Ыдырысов сенатта еліміздегі әуе көлігі мәселелеріне қатысты жиын барысында.
Министрлік өкілінің сөзінше, әуе көлігінің саны көбейген жағдайда тұрақты рейстер артады. Сонымен қатар билет бағасы да арзандауы мүмкін.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі