Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан алдағы жылдары Нью-Йорк пен Токиоға тікелей әуе рейстерін ашады

2024-2025 жылдары Қазақстан Нью-Йорк, Мумбай, Токио, Сингапур және Шанхайға тікелей әуе рейстерін ашады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: news.sgnorilsk.ru

Көлік министрі Марат Қарабаевтың айтуынша, бүгінде елімізде 28 елмен 110 бағытқа (аптасына 567 рейс) рейс бар. Ал соңғы екі жылда Милан, Доха, Абу-Даби, Кувейт және басқа да қалаларға 32 халықаралық әуе жолы ашылған.

"Алдағы 2024-2025 жылдары Мумбай, Токио, Сингапур, Шанхай және Нью-Йорк қалаларына әуе рейстері ашылады. Биыл алты шетелдік авиакомпанияға Қазақстанға ұшуға рұқсат берілді. Сонымен қатар "ашық аспан" режиміне түзетулер енгізіліп, "ауа еркіндігінің" бесінші дәрежесін пайдалануға қатысты барлық шектеулер алынып тасталды", - деді Қарабаев. 

2024 жылдың 14 наурызынан бастап Азияның ірі лоукостер әуе компаниясы Air Asia Алматы-Куала-Лумпур бағыты бойынша рейстерді жүзеге асыра бастайды және болашақта "ауа еркіндігінің" бесінші дәрежесін пайдалана отырып, Жидда қаласына ұшуды жоспарлап отыр. Министрдің айтуынша, бұл нарықтағы бәсекелестікті арттырып, билеттерге қолжеткізуді тиімді етеді.  

Талқылау