Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақ тіліндегі көңіл айтуда қолданылатын сөз орамдары

Өмір – өткінші. Әлдебір кісінің шаңырағына көңіл айтуға барғанда қандай жұбату сөз айтуға болады? Бүгін қайғыда демеу болатын сөздер легіне тоқталамыз.

"Аттың артқы аяғынан гөрі алдыңғы аяғының ақсағаны жеңіл". Алдыңғы аяқ деп жасы келген адамдардың қазасын тұспалдайды. Артқы аяқ – сол адамның артында қалған бала-шағасы. Ізін жалғар ұрпағы аман болсын деген пейілден туындаған. Осындай сөздерді айту арқылы жабырқаулы жанның қайғысын бөлісіп, көңілін аулауға тырысқан.

Одан бөлек, қайғыда қолдау ретінде айтылатын сөз орамдары:

  • Қайғыңызға ортақпын!

  • Ол кісі үшін дұға етеміз, дұғада боламыз!
  • Оны ешқашан ұмытпаймыз. Мәңгі жадымызда қалады!
  • Жатқан жері жайлы  болсын!
  • Иманы жарылқасын!
  • Иманы саламат болсын!
  • Алланың шапағатына бөленсін!
  • Алдынан жарылқасын!
  • Қалған ғұмырын бала-шағасына берсін!
  • Өлгеннің соңынан өлмек жоқ, өлгенге қайтып келмек жоқ.

  • Арты қайырлы болсын, қалғанына өмір берсін!

  • Алла сабыр берсін!

  • Өмірден өткен жан иманды болсын, топырағы торқа, жатқан жері жайлы болсын!

  • Амал дәптері оң жағынан ашылсын!

Қай жерде қалай сөйлеу керек, ретін білейік! 

@stan.kz

Қай жерде қалай сөйлеу керек, ретін білейік! ##қазақтілі

♬ оригинальный звук - STAN KZ

Идея авторы: Гүлжан Қиарыстанова

 


 

Талқылау