"Қайтарлыған сома 400 млрд теңгеден асты": Қазақстанда заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі комитет құрылады
Бас прокурор орынбасары Әсет Шындалиев жақында заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі комитет құрылатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мәжілістің кулуарында Шындалиев журналисттердің сұрағына жауап берді. Заңсыз шығарылған активтерді қайтару үшін Бас прокуратура жанынан арнайы комитет құрылатынын жеткізді.
"Қазір бұл бағытта құжаттарды келісу рәсімі іске асырылып жатыр. Жақында комитет құрылады", - деді Әсет Шындалиев.
Бас прокурор орынбасарының сөзінше шетел асып кеткен активтердің қайтарлыған сомасы 400 млрд теңгеден асқан.
"Қай мемлекеттен қанша қайтарылғанын қазір нақты айта алмаймын. Құрылатын комитет заңсыз шығарылған активтерді анықтайтцын болады", - деді Бас прокурордың орынбасары.
"Тапсырыс жоқ, қарыз көбейді": Қазақстандық кәсіпкердің жаңа салық реформасының кесірінен бизнесі шығынға батқан
Эмин Аскеров: "Қызметкерлердің тағы 10%-ын толық емес жұмыс күніне ауыстырдық"
Қазақстанда тұрақты тұруға өтініш берген шетелдіктер қазақ тілінен тест тапсырады: Оларға қандай сұрақтар қойылады?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі