Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Миллиардердің мұрагері байлығының 90%-ын кездейсоқ адамдарға бөліп берді: Оны кімдер алатыны белгілі болды

Осы жылдың қаңтарында 32 жастағы австриялық Марлен Энгельхорн Швейцарияда қайтыс болған әжесі мұра ретінде қалдырған 25 миллионның кем дегенде 90 пайызын адамдарға бергісі келетінін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Lorena Sendic Silvera

Марлен Энгельхорн – BASF неміс химиялық концернінің негізін қалаушы Фридрих Энгельхорнның бесінші ұрпағы. Марленнің марқұм әжесі Траудл Энгельхорн-Вечиатто Фридрихтің шөбересіне үйленді. Одан BASF акцияларының шамамен 1/5 бөлігін мұра етті және 2022 жылы оның байлығын Forbes 4,2 миллиард долларға бағалады.

Ауқатты отбасында өскен Марлен солшыл бағытты ұстанады. Атап айтқанда, Австрияда 90% тәркіленген мұралық салықты енгізуді көптен бері жақтап келеді.

Ол мұраны алған кезде оны көпшілікке беретінін жариялады. Ол үшін өзі және әлеуметтанушылар репрезентативтілік (мөлшері пайызбен көрсетілген) негізде таңдаған 50 азаматтан тұратын "Қайта бөлу бойынша қайырымдылық кеңесін" (Guter Rat für Rückverteilung) құрды.

Кеңес наурыздан маусымға дейін алты сессия өткізіп, соңында мұрагердің ақшасын кім алатынын жариялады.

77 жеңімпаз арасында жаһандануға қарсы талдау орталығы, әлеуметтік қайырымдылық жобалары, экологиялық және басқа да ұйымдар болды.

Ең аз қайырымдылық, яғни 40 мың еуро климаттың өзгеруі туралы деректерді жүйелеуге байланысты бір жобаға жұмсалса, ең үлкені, 1,6 миллион еуро Австрияның табиғатты қорғау федерациясына түседі.

Солшыл Momentum Institute талдау орталығы миллион еуро алады және ол сома "демократиялық, әлеуметтік-экологиялық және гендерлік теңдікке негізделген жаһандық экономика" үшін күресетін Attac-қа түседі.

Марлен Энгельхорн: "Тумысымнан мені ықпалды позицияларға көтерген мұраның көп бөлігі барлық демократиялық принциптерге қайшы келді, енді қазір ол демократиялық құндылықтарға сәйкес бөлінеді", - деп мәлімдеді.

Оның өзіне қанша ақша жинағаны белгісіз. Ол 2021 жылы кем дегенде 90% бергісі келетінін мәлімдеген. 

Талқылау