Қайрат Сатыбалдыұлының бақылауындағы компания басшылары ұсталды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі Қайрат Сатыбалды мен оның бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты тергеу ісін жалғастыруда. Тергеу барысында Сатыбалдыұлының бақылауындағы компаниялардың ақша жымқырғаны анықталды.
"Тергеу Қ. Сатыбалдыұлының бақылауындағы компаниялар – кірме теміржол желілері (соңғы километр) иелерінің ақша жымқырғанын анықтады.
Аталған тұлғалар мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының көмегімен елдегі қала құраушы кәсіпорындарға кіреберіс жолдарға қызмет көрсету тарифін негізсіз жоғарылату арқылы миллиардтаған пайда тапқан, бұл халықтың тіршілігін қамтамасыз ету қызметтері бағасының өсуіне әкелген", – делінген хабарламада.
Қайрат Сатыбалдыұлының бақылауындағы екі компания жетекшісі соттың санкциясымен қамауға алынды. Олардың кінәсін сот анықтайтын болады.
Өзге ақпарат тергеу құпиясын сақтау мақсатында жарияланбайды.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған