Қайрат Нұртас бостандыққа шыққаннан кейін қай қалада концерт беретіні белгілі болды
Ұшақта шу шығарып, 15 тәулікке қамалған Қайрат Нұртас жақын күндері қамаудан босатылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесінің алғашқы концерті де қай қалада өтетіні белгілі болды.
“Қайрат Нұртас қамауға алынғаннан кейін алғашқы концертін
Теміртауда береді. Оны "Кармет" компаниясы Металлургтер күніне арналған
гала-концертке шақырды. Іс-шара осы жексенбіде Астана алаңында сағат 18:00-де өтеді. Кіруі тегін”, – делінген ресми мәлімдемеде.
Еске салайық, эстрада әншісі 5 шілде күні Алматы-Астана рейсінде төбелесіп,
әдепсіз сөздер айтқаны үшін 15 тәулікке қамауға алынған еді. Өнер иесі концерттерден алатын қомақты қаламақыдан қағылды.
Одан кейін, 7 шілде күні "Астана" концерт залында өтеді деп жоспарланған Қайрат Нұртас, Мирас Жүгінісов және Қазыбек Құрайыштың концерті басқа күнге ауыстырылған еді.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі