“Қайрат” клубының жас жұлдызы Еуропалық клубқа ауысты

Алматылық "Қайрат" академиясының түлегі, жас футболшы Нұрғали Алдияр Испанияның "Леванте" клубының жастар құрамасымен 2029 жылға дейін келісімшартқа қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы футболшы өзінің Instagram парақшасында хабарлады.
Нұрғали Алдияр бұған дейін Испаниядағы "Историкс Валенсия" клубының намысын қорғаған. Ол бұл командаға Алматының "Қайрат" академиясынан ауысқан еді. Сонымен қатар жас ойыншы Қазақстанның 19 жасқа дейінгі жастар құрамасына шақырылып, тұрақты түрде өнер көрсетіп келеді.
Айта кетейік, қазір "Леванте" сапында Қазақстаннан шыққан тағы бір футболшы – павлодарлық Шыңғыс Қалиев те доп теуіп жүр. Екі ойыншы да Алматыдағы "Қайрат" академиясының түлектері.
Талқылау
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып
Желіде шетелге шыққан қазақстандықтарға сыйақы ұсынатындар көбейген: Мұның артында не тұр
Ведомоство мұндай жағдайлар жауапкершілікке әкелетінін ескертті

