"Қайрат" Қазақстан суперкубогының 2025 жылғы иегері атанды
22 ақпанда Астана қаласында "Қайрат" футбол клубы "Ақтөбе" клубын 2:0 есебімен жеңіп, Қазақстан суперкубогының 2025 жылғы иегері атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: instagram.com/f.c.kairat
Ойынның екінші таймында "Қайрат" ойыншысы Еркін Тапалов алаңнан қуылып, команда 10 ойыншымен мачты жалғастырды. Алғашқы таймда командалар голмен ерекшеленбеді.
Ал екінші таймда "Қайрат" қарсылас команда қақпасына шабуыл үдетіп, 58-минутта бразилиялық Элдер Сантана есеп ашты. Ал Валерий Громыко есепті еселеді.
Осылайша "Қайрат" өз тарихында үшінші рет суперкубокты жеңіп, 40 миллион теңге иеленді.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік
Алматының ауруханасында жұмыс істейтін дәрігерлер 160-250 мың теңге алады
Қазақстанда биыл БАҚ өкілдерін марапаттауға 35,2 миллион теңге бөлінген
Ал 2021 жылы журналистерді ынталандыруға тек 14,5 миллион теңге бөлінген

