"Қайрат" академиясының түлегі испан клубына ауысады
Фото:Kazfootball
"Қайрат" академиясының түлегі Алдияр Нұрғали мансабын Испанияда жалғастыруы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Asnews.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
17 жастағы қазақстандық шабуылшы жуырда испаниялық "Леванте" клубының жүйесіндегі қосалқы құраммен келісімшартқа отырады деп күтілуде.
Бұл келісім жас футболшы үшін еуропалық футболдағы алғашқы маңызды қадам болмақ.
Алдияр Нұрғали негізінен шабуылшы ретінде өнер көрсетеді, алайда қажет жағдайда шабуылдаушы жартылай қорғаушы позициясында да ойнай алады. Ол Қазақстанның U-19 сапында Еуро-2026 турнирінің элиталық іріктеу кезеңіне жолдама алған. Алдағы уақытта Украина, Румыния және Солтүстік Ирландиямен бір топта сынға түседі.
Айта кетейік, қазіргі уақытта "Леванте" сапында Қазақстаннан шыққан тағы бір футболшы – павлодарлық Шыңғыс Қалиев доп теуіп жүр. Екі ойыншы да Алматыдағы "Қайрат" академиясында тәрбиеленген.
Жаңа үйленсе де өзге қыздарға жазады: Қазақстандық психолог неліктен ерлердің опасыздыққа баратынын айтты
Желі қолданушысы: "Бір ғана әйелмен ол қызықсыз. Басқасын да көргің келеді"
"Күніне 6 миллион 406 мың теңге табады": ТОП-10 қазақстандық шенеуніктердің бай әйелдері
Ерболат Досаевтың жұбайы Гүлнар Досаева Қазақстандағы люкс санатындағы компаниясының тең иесі

