Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қайық әйелдің басын жұлып әкетті: Қаза тапқан Орал тұрғыны әлі күнге дейін жерленбеген

Оралда қайық соғып кеткеннен кейін қаза тапқан әйел оқиғадан 10 күн өтсе де әлі жерленбеген. Себебі - көз жұмған адамның басын таба алмай жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап.

қайық

Қаза болған Екатерина Ананьеваның отбасы қара жамылып отыр. Болған оқиға бәрін шошытты. Әйел 40 жаста еді.

Марқұмның ұлы Роман Ананьевтің айтуынша, денесі әлі мәйітханада тұр.

"Берген жоқ, себебі олар мүмкін басын табармыз, кейін салыстыру, сараптама жасау үшін денені табыттан шығаруға тура келеді. Бұл шамамен бір аптаға созылды. Бір аптадан соң дене керек екенін айтты. Денеде бұрандаларды салыстыру үшін кесіктер қалған, сараптама жасалған", - деді Роман Ананьев.

Қайғылы оқиға әйел құрбысымен бірге Шаған өзеніне, жабайы жағажайға барған кезде болған. 

Куәгерлер туыстарына әйелдердің жанынан катердің үлкен жылдамдықпен өткенін айтты.  Содан кейін ол бұрылып, қайтып келе жатып, жағадан 15 метр қашықтықта әйелді қағып кеткен. Қайық тоқтамай, оқиға орнынан бой тасалаған.

Құтқарушылар судан тек бассыз денені алып шықты.

Ал туыстары кінәлінің әлі күнге дейін табылмағанына шағымданды.

Полиция аймақта мұндай төтенше жағдай алғаш рет болып жатқанын атап өтті. Сараптама тағайындалды.

Шаған жағалауында 23 саяжай бар, полицейлер 100-ге жуық адамнан жауап алды.

Облыстық полиция департаментінің ақпараты бойынша, өңірде осындай 379 катер тіркелген. Қазіргі уақытта 100-ден астамы тексерілді. Катерлердің бір бөлігі сараптама жүргізу үшін тәркіленді.
 

 

Талқылау