"Қатты жел, көктайғақ пен аяз": Синоптиктер алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жасады
Қазгидромет алдағы 24-26 қазан күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. Мамандардың айтуынша, бұл күндері еліміздің көп аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Синоптиктер атмосфералық фронттардың бірнеше жүйесі бар солтүстік циклон Қазақстан тұрғындарына қыстың жақындап келе жатқанын сездіретінін айтады.
Атап айтқанда, ауа-райы тұрақсызданып, қатты жел, көктайғақ болып, қар аралас жаңбыр күтіледі. Барикалық құбылыстар бүкіл республика бойынша температураның жоғарылауына әкеледі. Бірақ кезеңнің соңында Скандинавия түбегінің аймақтарынан суық арктикалық ауа массаларының енуі еліміздің батыс, солтүстік-батыс және солтүстік аймақтарында салқындауға әкеліп соғады.
Мәселен, республиканың батысында түнгі сағаттарда температура -6 градус аяздан 3 градусқа дейін, солтүстік-батыста 0-7 градусқа дейін төмендейді. Елімідің солтүстігінде -5 градус аяздан 5 градус жылыға дейін күтіледі.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі