Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қатерлі ісікпен ауыратын науқастар дәрі-дәрмексіз қалмайды – Денсаулық сақтау министрлігі

Денсаулық сақтау министрлігі онкологиямен ауыратын науқастарға арналған дәрі-дәрмек тапшылығына қатысты жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

Ведомстводағылар қатерлі ісікке шалдыққан науқастарды дәрі-дәрмексіз, емсіз қалдырмайтынын айтып, уәде берді. Мәлімдеуінше, министрлік онкологиялық және онкогематологиялық аурулармен ауыратын пациенттерді дәрілік препараттармен қамтамасыз етуді басты назарға алып отыр.

“Дәрі-дәрмектерді жеткізуде үзіліс болмас үшін ведомство дәрі-дәрмектерді уақытылы берудің тетігін анықтады. Ешбір пациент қажет емсіз қалмайды”, – делінген хабарламада.

Облыстық денсаулық сақтау басқармалары мен онкологиялық орталықтар жағдайға мониторинг жүргізеді.

Сондай-ақ министрлік пациенттерге ыңғайлы болу үшін және қажет ақпаратты алу үшін 8 (7172) 570 950 нөмірі бар Call-орталық жұмыс істейтінін еске салды. Көрсетілген нөмірге қоңырау шалып, онкологиялық көмектің қолжетімдігі мен сапасы бойынша өтініш қалдыруға, одан бөлек емдеуден және көмектен бас тартатыны туралы хабарлауға болатынын айтты.

Бұған дейін Саясат Нұрбек қатерлі ісікке қарсы отандық дәрі сынақтан сәтті өткенін айтқан еді.

Талқылау