Қателікке бой алдырған азамат кенеттен байып кетті
Австралияның Хобарт қаласының тұрғыны жасаған қателігінің себебінен лотереяда джекпот ұтып алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы The Lott сайтында жазылыпты.
Жеңіске ие болған лотерея ойыншысының сөзінше, ол мүлдем басқа билет сатып алмақшы болған.
"Мен осы демалыста Superdraw лотереясын ойнағым келген, бірақ байқаусыздан TattsLotto билетін сатып алып қойыппын. Осы қателігімнің арқасында джекпот ұтып алдым. Қателікке бой алдырғаным үшін сондай қуаныштымын", - дейді ер азамат.
Тұрғын 1,2 миллион австралиялық доллар (шамамен 325 миллион теңге) ұтып алыпты
"Алғашында өтірік шығар деп ойладым. Тіпті қазірдің өзінде сене алар емеспін", - деп қосты ол.
Айтуынша, ұтқан ақшаны ол ипотеканы жабуға арнамақшы екен. Бұған қоса автралиялық азамат карантин бітсе, міндетті түрде жақындарымен бір жерге барып, ұтысын тойламақшы екендігін айтады.
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
1 миллион теңге айлық, пәтер мен қызметтік көлік: Мемлекет Құрылтай депутаттарына қандай жағдай жасайды
Құрылтай мен бұрынғы Парламент арасында қандай айырмашылық бар