Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Каспий құбыр консорциумы арқылы мұнай штатты режимде экспортталып жатыр - Министрлік

Қазақстан энергетика министрлігі мұнайдың "Каспий құбыр консорциумы" акционерлік қоғамының құбыр жүйесі арқылы қалыпты режимде экспортталып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

каспий

Өндірістік процестің үздіксіз циклын ескере отырып, "ҚҚК-Р" АҚ судья қаулысын орындауды тоқтата тұру туралы өтінішхатпен сотқа жүгінді.

"Консорциум Ространснадзордың ұйғарымында көрсетілген құжаттық заң бұзушылықтарды жою үшін Ресей Федерациясының тиісті мемлекеттік органдарымен және ведомстволарымен қазірдің өзінде жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта қазақстандық мұнайды "КҚК-Р" АҚ құбыр жүйесі арқылы экспорттау штаттық режимде жүзеге асырылуда", – делінген министрліктің хабарламасында.



Бұған дейін "Каспий құбыр консорциумы" акционерлік қоғамы Новороссийск қаласы Приморск аудандық сотының судьясы 2022 жылдың 5 шілдесіндегі қаулысымен "ҚҚК-Р" АҚ қызметін 30 тәулікке тоқтату түрінде әкімшілік жаза тағайындағанын хабарлады. Артынша компания сот шешімін орындауды 30 күнге кейінгі қалдыру туралы өтініш бергенін, өйткені мұндай әрекет өндіріске ауыр салдар мен зардаптар әкелуі мүмкін екенін мәлімдеді.

Талқылау