Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сот мұнайдың апаттық төгілуіне байланысты Каспий құбыр консорциумының жұмысын уақытша тоқтатты

Ресей соты Қазақстан мұнайын экспорттайтын Каспий құбыр консорциумының (КҚК) жұмысын уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап.

каспий

"Соттың (судья А. Н.Литвинов) 2022 жылғы 5 шілдедегі қаулысымен Ространснадзордың талаптары қанағаттандырылып,  “КТК-Р" АҚ қызметіне 30 тәулікке жұмысын әкімшілік тоқтата тұру түріндегі жаза тағайындалды. КҚК Ресейдің құқықтық алаңы аясында жұмыс істейді және сот шешімін орындауға мәжбүр. Шешім заңнамада белгіленген тәртіпке сәйкес шағымдалады", – делінген компания хабарламасында.

Бұған дейін Ресейдің вице-премьері Виктория Абрамченко Ростехнадзорға "КТК-Р" АҚ қауіпті өндірістік нысандарының техникалық жағдайын және оларды пайдалану кезінде экологиялық талаптардың сақталуын тексеруді тапсырған болатын.



“Ространснадзордың оңтүстік бастығының шешімімен 2022 жылдың 28 сәуірінде "КТК-Р"АҚ-ға көшпелі тексеру жүргізу туралы шешім қабылданған. Ал оған жоспардан тыс тексеруі 2022 жылғы 6 мамырда өткізілді. Тексеру нәтижелері бойынша мұнайдың авариялық төгілуін жою жоспары бойынша бірнеше құжаттамалық бұзушылықтар анықталды. Консорциумға 2022 жылғы 6 маусымда анықталған бұзушылықтарды жою үшін 2022 жылғы 30 қарашаға дейінгі мерзімімен ұйғарым берілді. Сонымен қатар 2022 жылдың 6 маусымында Ространснадзордың оңтүстік УГМРН Новороссийск желілік бөлімінің бастығы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасады", – деді КҚК хронологиялық деректер келтіре.

Хабарламада айтылғандай "КТК-Р" АҚ-ға жүктелген заң бұзушылық баламалы жаза ретінде қызметті 90 тәулікке дейін әкімшілік тоқтата тұруды қарастырғандықтан, бұл іс сотта қаралуы тиіс.

"КТК-Р" АҚ қызметін тоқтата тұру бойынша қарсылықтарды жіберу мақсатында істі қарауды кейінге қалдыру туралы өтінішті сот қанағаттандырусыз қалдырды", – деп қосты консорциумда.

Талқылау