Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Кәсіпқой бокс жұлдызы Канело келесі жекпе-жегін блогер Джейк Полға қарсы өткізеді

Блогер және боксшы Джейк Пол әлем чемпионы Сауль “Канело” Альвареспен жекпе-жек өткізу туралы келісімге келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ethan Miller / Getty Images

Джейк Пол 2024 жылдың қараша айында Майк Тайсонды жеңген еді.

Инсайдер Джулиус Джулианистің айтуынша, жекпе-жек жақын арада хабарлануы қажет.

Дереккөздің мәліметінше, кездесу осы жылдың мамыр айына жоспарланған. Бұл бәсекені Canelo Promotions, MVP және PBC компаниялары бірлесіп ұйымдастырады.

Бұған дейін Сауль Альварес 2025 жылдың қыркүйегінде Терренс Кроуфордпен жекпе-жек өткізу туралы да келісімге келгені хабарланған еді.

Осылайша, 2025 жылы Канело екі маңызды жекпе-жек өткізеді: мамыр айында Джейк Полмен және қыркүйек айында Терренс Кроуфордпен.

Бұған дейін мексикалық боксшы қазақстандық кәсіпқой бокс жұлдызы Геннадий Головкинмен үш рет жекпе-жекке шыққан еді. Екі кездесуде Канело жеңіске жетсе, бір рет тең есеп тіркелді.

Талқылау