Қазақстан үкіметін қашан әйел басқарады – Тамара Дүйсенова жауап берді
Үкімет отырысынан кейін премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеновадан журналистер тәуелсіз Қазақстан тарихында әйел премьер-министр болмауының себебін сұрады. Ол “премьерлікке лайық әйелдер жоқ па?” деген сауалға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Үкімет
"Қарасақ, бізде өндірісте де, министрлікті де басқаратын көптеген жақсы қыздар бар. Егер біз жақсы жұмыс істеcек, мемлекет басшысы назар аударады", – деп жауап берді Тамара Дүйсенова.
Жоғары лауазымдарда әйелдердің үлесі аз екенін айтқан журналистерге Дүйсенова мәселе кәсібилікте деп айтты.
"Әйел, ер болуына байланысты емес. Мұнда кәсіби маман болуы керек", – деп қорытындылады вице-премьер.
Бұған дейін Қазақстан үкіметінің құрамы қалай өзгергенін жазған едік.
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған
Қазақстандық лазерлік эпиляциядан рак жасушаларын оятып алғанын айтты: Мұндай жағдай болуы мүмкін бе
Дәрігер: "Лазер термиялық зақым келтіріп, кейде күйдіруі мүмкін"