Қаржы мониторингі агенттігі криптовалютамен заңсыз операция жүргізгендерді анықтады
Қаржы мониторингі агенттігі жеке тұлғалардың криптовалютамен заңсыз операциялар, яғни сатып алу/сату, тауарлар, жұмыстар, қызметтер үшін есеп айырысу, Р2Р арқылы операциялар жүргізгенін байқады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Криптовалюта көбіне алаяқтық, қаржылық пирамида және қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстату сияқты қылмыс жасау кезінде қолданылады.
Осыған байланысты Қазақстан аумағында:
- қамтамасыз етілмеген сандық активтерді шығаруға (Bitcoin, Ethereum және т. б.)
- қамтамасыз етілмеген цифрлық активтердің айналымына (Bitcoin, Ethereum және т. б. арқылы өзара есеп айырысу)
- қамтамасыз етілмеген цифрлық активтер бойынша цифрлық активтер биржаларының қызметіне (қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерді валютаға және валюталарды қамтамасыз етілмеген цифрлық активтерге айырбастау жөніндегі қызметтер) тыйым салынғанын еске саламыз.
Осы тыйымның тек "Астана" халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) лицензиясын алған биржалардың қызметіне қатысы болмайды.
Көкейде сұрақтарыңыз болса, қаржы мониторингі агенттігінің 14-58 Call-орталығына хабарласыңыз.
2024 жылғы Қазақстан қалаларына арналған ораза кестесі жарияланды
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен