Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Карта арқылы жасалатын төлемдерді қабылдаудан бас тартқан сатушылар қалай жазаланады

1 қаңтардан бастап көптеген қазақстандық кәсіпкерлер қолма-қол ақшамен төлеуді талап етіп, тауарлар немесе қызметтер үшін онлайн төлемдерді қабылдаудан бас тартуда. Қаржы вице-министрі ондай кәсіпкерлерді қандай жаза күтетінін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

каспи банк

Үкімет үйінде өткен брифингте қаржы вице-министрі Ержан Біржановқа сатушы тек қолма-қол ақша талап етсе, қазақстандықтар не істеуі керек деген сұрақ қойылған.

Спикер заң бойынша әртүрлі төлем әдістері – банк картасымен, QR төлемі немесе қолма-қол ақшамен төлеу қарастырылғанын айтты. Біржанов сонымен қоса қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдаудан бас тарту заңсыз болып саналатынын ескертеді.

“Кәсіпкерлердің төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдаудан бас тартқаны үшін бірінші рет ескерту түрінде әкімшілік жауапкершілікке тарту, ал қайталап заң бұзғаны үшін 147 680 теңге (40 АЕК) мөлшерінде айыппұл салу көзделген (ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 194-бабы)”, – дейді вице-министр.



Еске салайық, бұған дейін елімізде кәсіпкерлер жаппай мобильді аударыммен төлем қабылдаудан бас тартып жатқаны жайлы жазылған.  1 қаңтардан бастап шағын бөлшек сауда мен қызмет көрсету саласында мобильді аударымдарға тыйым салынды. Егер алушы кәсіпкерлік қызметпен айналысса, онда ол салық төлейді. Ал жеке тұлғалар өздерінің жеке мақсаттары үшін мобильді аударымдарды еркін пайдалана алады.

Бұған дейін қаржы министрлігі сатушылардың тек қолма-қол төлем қабылдау туралы талабы заңды ма деген сауалға түсініктеме берген.

Талқылау