Қария тойда есіріп билеп жатқан қыз бен жігітті таяқпен салып қалды (видео)
Тойда ел алдында есіре билеген қыз бен жігіт қарияның ашуын келтірді.

Видеодан байқағанымыздай, қыз бен жігіт көпшілік алдында жарыса билеп тұр. Жолай өтіп бара жатқан қария олардың ерсі әрекеттеріне шыдамай кетсе керек, қолымен екеуін ұрып өтті. Жігіт қызды қорғамақ болып еді, ақсақал оның өзін таяқпен салып қалды. Артынша екеуін де таяқпен ұрмақ болып қуа жөнелді. Ел алдында масқара болған қыз бен жігіт мейрамханадан сыртқа қаша жөнелді.

Желі қолданушылары бұл көріністі көріп, күлкіге қарық болды. Көпшілігі қарияның дұрыс жасағанын айтып жатыр.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды