Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарбыздың қай бөлігі денсаулыққа зиянды?

Қарбызды бір жегенде қанша бөлігін жеуге болады? Оның құрамында нитраттар бар екенін қалай білуге болады? Бұл жайлы СҚО қоғамдық денсаулық сақтау күзеті департаментінің жетекшісі Серікбай Қасмақасов айтып берді, деп хабарлайды Қазақпарат.

Бас маман қарбыздың шілденің соңы мен тамыздың басында пісетінін айтты. Алайда базарда қарбыз, қызанақ пен қияр толып тұр. Олардың құрамы азот қышқылында жасалған нитраттарға толы.

«Өсімдік шаруашылығы өнімдерін «Фитосанитария» лабороториясында бақылайды. Жарты жылда 1,4 мың зерттеу жүргізіп, 800 сараптама жасады. Алайда күмәнді ешнәрсе тапқан жоқ», – дейді маман.

«8 келілік қарбызды 2-3 адам жеуі ауыр. Бір қарбызды бірнеше рет жеген сайын ағзаға нитрат тола береді. Бәрін де қалыпта ұстау керек. Қарбыздың екі тілімін жеу жеткілікті», – дейді Серікбай Қасмақасов.

Айтуынша, зиянды нитраттар қарбыздың қабығына жақын бөлігінде болады. Оны үй жағдайында анықтау мүмкін емес. Мамандар қызанақтың табиғи түрінде иісі болатынын айтады. Қарбыз бен қызанақ ішінде сары не ақ тамыршалар жүрген болса, ол нитраттың барын білдіреді.

Жемісті суға салып қою арқылы нитраттардан арылтуға болады. Олардың саны термиялық өңдеуден өткен соң азаяды.

Көзге ең пайдалы жеміс жайлы оқи отырыңыз.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау