Қаратұрындағы өрт: Маңғыстауда компаниялардың бірі экологияға зиян келтіргені үшін өтемақы төлеуге міндеттелді
Бас прокуратура Қаратұрын кен орнында жарты жыл бойы газ жанғаны үшін “БузачиНефть” ЖШС-ға қатысты қабылданған шаралар жайында мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: lada.kz
Маңғыстау облысының табиғат қорғау прокурорлары жер қойнауын пайдаланушы – "БузачиНефть" ЖШС газды жағу салдарынан мемлекетке келтірілген 2,2 миллиард теңге көлеміндегі экономикалық залалды өтеуіне шаралар қабылдады.
Еске салайық, 2023 жылдың 6 қыркүйегінде "Қаратұрын Оңтүстік" кен орнында ұңғыманы бұрғылау кезінде газ-су қоспасының атқылап, одан әрі өртенуі орын алды. Бұл апатты жоюға алты айға жуық уақыт кетті.
2024 жылдың 17 желтоқсанында мемлекет кірісіне 270 млн теңге сомасына алғашқы төлем түсті. Бұдан басқа, бұған дейін табиғат қорғау прокуратурасының қадағалау актісі бойынша орын алған апатқа байланысты экологиялық нормаларды бұзғаны үшін "БузачиНефть" ЖШС-не 362 млн теңге айыппұл салынды, толық төленді.
Талқылау

"Екі күйеу жігіттің де есімі – Нұрсұлтан": Алматылық әпкелі сіңлі бір күнде ұзатылып, ерекше той жасады
Сіңлім “Нұрсұлтан танысып қой, бұл Нұрсұлтан” деп таныстырды

Әлеуметтік желілерге тыйым салынуы, премьердің отставкасы: Непалда "Z ұрпақ" не себепті үкіметті құлатты
Саясаттанушы наразылықтың "Z ұрпақ төңкерісі” деп аталу себебін түсіндірді