AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
AAPL
141.56 $
1.89 %
TSLA
699.2 $
2.55 %
NDAQ
157.49 $
1.22 %
GOOGL
2265.26 $
4.16 %
FRHC
44.98 $
1.33 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қарапайым қыздан не артықшылығың бар?": Диана Қырықбай өзіне тіл тигізгендерге жауап берді

Блогер Диана Қырықбай көпшіліктің сынына қалды. Әсіресе жігіттер жағы оның жеке басына тіл тигізіп, сын айтты. Бұған бойжеткеннің өзі жауап берді.

Диана Қырықбай жасы келсе де, әлі де тұрмыс құруға асықпайтынын айтты. Өзіне сөз айтушылар көп болғанымен, олардың бәрімен кездесуге құлықты емес. Тіпті шамасы жетпейтіндерге қысқа ғана жауап берді. Қарапайым жігіттер қарапайым қыздарға барсын, маған ақшаларың жетпейді деді ол. Бұл ер азаматтардң намысына тиді. 

Бірі оның қарапайым қыз деген сөзін түсінбеді. Бірі сенің не артықшылығың бар деп дүрсе қоя берді. Қыздар жағы да блогердің сөзі мен жүріс-тұрысына мін тақты. 

“Соңғы кездері менің жеке басым тіл тигізіп, қорлайтын азаматтар көбейіп кетті. Олар менің сөзіме өкпелі. Сенің қай жерің артық дейді. Неге шындыққа тура қарай алмай отырсыңдар? Қарапайым жігіт қарапайым қызбен жүрсін дегенде тұрған не бар. Шындық емес пе? Өздеріңнің ақшаларың жоқ, намыстарың ғана бар. Мен ешкімді бөліп тұрған жоқпын. Ер азаматтардан гөрі, қыздар жағы мені түсініп жатқан секілді. Көбісі қолдау көрсетті. “Көрпеңе қарай көсіл” деген қазақта жақсы сөз бар. Бірақ оны бәрі түсіне бермейтін секілді”, – дейді Диана. 

Бұған дейін бойжеткен жеке өміріне қатысты шындықты айтып, кездескен азаматы жайлы айтқан еді. 

“Иә, ол қыз қарапайым, жуас қыз болса, кей жігіттер кемсітеді”, “Түріңді түзеп алшы”, “Таңдаған тазыға жолығады деген бар, айналайын! Өзгені сынағанша өзіңді түзеп алшы!”, “Сен өзің көкте жүрсің-ау деймін, жерге түс. Бәріміз пендеміз. Қатты айтсам ренжімеңіздер, бұл шындық”, “Не қазақша, не орысша сөйлеу керек еді? Айтуың орынды болар”, “Таныла алмай жүргендерді атақты етіп бітттіңдер ғой өздерің”, “Танылудың басқа жолын таппаған ба?”–деп жазды желі қолданушылары. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр