Қарағандыдағы сенбіліктегі жанжал: Зардап шеккен ер адам көз жұмды
Қарағандыда сенбіліктегі жанжалдан кейін жәбірленуші Олег Гарницкий ауруханада көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Астана” арнасына сілтеме жасап.

Осыдан бір ай бұрын Олег Гарницкий сенбілік ұйымдастырып, тұрғындарды ағаш отырғызу жұмыстарына жұмылдырған. Тазалық жұмыстары кезінде жасөспірімдердің бірі саусағын кесіп алады.
Жасөспірімнің әкесі қатты ашуға булығып, сенбілік ұйымдастырған Олег Гарницкийды соққыға жыққан.
Куәгерлердің айтуынша, ол Олег Гарницкийді асқазанынан тепкен. Ер адам құлап, басын асфальтқа соғып алады. Алған жарақаттардың нәтижесінде Олег Гарницкий көз жұмды.
Қазір полиция "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бабы бойынша тергеу жүргізуде. Күдікті 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Дүниежүзілік көшпенділер ойыны кезінде жылқының жағдайы көпшіліктің ашуын туғызды
Көкпар федерациясы "жылқының аузы шабандоздың әрекетінен қанады" деген ақпаратты жоққа шығарды
Қазақстанда әскерге шақыру кезінде көшеден ұстап әкетуге бола ма: Ер азаматтар нені білу керек
Елорда тұрғыны әскерге шақыру комиссиясының жұмысына шағымданды