Қарағандыда журналист із-түссіз жоғалып кетті
Республикалық және қалалық басылымдарда спорт журналисі болып істеген Максим Объедков жоғалып кетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Вечерний Караганда" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Фото: "Вечерний Караганда"
17 маусымда хабарсыз кеткен Максим Объедков үйінен шығып, сол күйі оралмаған.
Максим Объедковтың бойы — 189 см, арықша келген, қара шашты, қоңыр көзді. Максим сол күні джинсы шалбар, көк спорттық аяқ киім, басына қара қалпақ киіп шығып кеткен.
"Вечерний Караганда" басылымы оны көргендер болса, мына ұялы телефонға хабарласуды сұрайды: +7 (778) 872-05-13, +7 (708) 352-64-60, +7 (705) 326-86-98 немесе 102.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық оппозиционер журналист Айдос Садықты Украинада атып кеткенін жазған едік. Кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев “Бәсе” YouTube арнасының авторы Айдос Садықовтың Украинада атылуына қатысты пікір білдірді. Мемлекет басшысы Қазақстанда заң үстемдігін қамтамасыз ету басты міндет екенін атап өтті. Тоқаев Айдос Садықовқа жасалған шабуылға қатысты дипломатиялық арналар мен құқық қорғау органдары арқылы Украина тарапына ресми сұрату жіберу туралы тапсырма берді.