Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қарағандыда төрт жолаушы InDrive такси жүргізушісін соққыға жыққан

Қарағандыда төрт ер адам өздерін Астанадан алып келген такси жүргізушісін соққыға жықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: osnmedia.ru

Күдіктілер Астанадан Қарағандыға жеті, жол ақысын төлеу уақыты келгенде жүргізушіге шабуыл жасап, ұрып-соққан. Осыдан кейін олар белгісіз бағытта қашып кеткен.

39 жастағы жәбірленуші дереу полицияға хабарласқан. Оқиға орнына келген патрульдік полиция қызметкерлері күдіктілерді ұстап үлгерді. 



"Жәбірленушінің айтуынша, ол InDrive қызметі арқылы Қарағандыға төрт ер адамды жеткізген. Жол жүру барысында жолаушылар өздерін сабырлы ұстаған, наразылық білдірмеген. Алайда межелі жерге жеткенде жолақысын төлеудің орнына жүргізушіге шабуыл жасап, оны ұрып-соғып, қашып кеткен. Патруль қызметкерлері күдіктілерді ұстады", – делінген Қарағанды ​​облысының полиция департаментінің хабарламасында. 

Күдіктілердің 34 және 37 жаста екені анықталды. Оларға қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық қыздар Астана мен Қарағанды арасында қатынайтын InDrive такси жүргізушісі тиіскенін айтып шағымданған еді. 

Талқылау