Қарағандыда ағашты құстардың ұясымен бірге кесіп тастаған (видео)
Қарағандыда ағашты балапаны болған құс ұясымен бірге кесіп тастаған. Әлеуметтік желіде тараған видеодан бірнеше құстың жерде жатқанын көруге болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентттігі.

Мамандар ағаштың жоғарғы бөліктерін кесіп тастаған. Алайда тұрғындар ағашта құстардың ұясы болғанын айтады.
"Сіздер мұны үлкен ағаштың бұталары дейтін шығарсыздар. Бірақ кесілген бұталардың жанында бірнеше құс жатыр", – делінген жазбада.
Видео желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Олар мамандардың бұл әрекетін "жауыздық" деп бағалап, құзырлы органдарды шара қабылдауға шақырды.
"Үйді тіреп тұрған жерге құрылыс бастады": Алматыдағы "Три богатыря" тұрғындары баспаналары құлап қала ма деп алаңдаулы
Әкімдік құрылыс жұмыстарын уақытша тоқтатты
"Өлім аузынан қалдық": Түркістан облысында су басқан ауыл тұрғындары мал-мүлкінің көз алдында ағып кеткенін айтты
Бұл жолы нөсер небәрі жарты сағатқа ұласқан. Соның өзінде топан су қора-қопсыны қиратып, үй қоршауының түгін қалдырмай құлатып тастаған