Қарағанды және Павлодар облыстарындағы дала өрті 45 мың гектарға жетті
Төтенше жағдайлар министрлігі Қарағанды облысындағы дала өртін сөндіру бойынша жағдайды баяндады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Министрлік мәліметінше, табиғи өртті сөндіру бойынша барлық қажет шаралар қабылданып жатыр. Өрт шыққан аймаққа жақын Айыр, Шөптікөл, Қызылшілік, Атантай, Теректі елді мекендеріне қауіп жоқ.
Төтенше жағдайлар вице-министрі Ерлан Нұрпейісов қазір Қарағанды облысында жүр. Далалық өрт сөндіру штабтары жұмысын жалғастырып жатыр. Алдын ала ақпарат бойынша ашық аумақта ауданы 35 мың гектар құрғақ шөп жанып жатыр.
Министрліктің мәліметінше, қатты екпінді жел, таулы жерлер және өрт ошақтарына кіру жолдарының болмауы өртті сөндіруді қиындатып отыр.
Өртті сөндіруге Қарағанды облысы ТЖД және жергілікті атқарушы органдарының күштері мен құралдарынан 386 адам, 64 бірлік техника, төтенше жағдайлар министрлігі мен қорғаныс министрлігінің әуе кемелері жұмылдырылған.
Әуе кемелері өрт ошақтарына барлығы 30 рет 50-ден астам тонна көлемінде су төкті. Қарағанды және Павлодар облыстарының шекара аумағындағы өрттің жалпы ауданы 45 мың гертар болды.
Еске салсақ, бұған дейін Қарағанды облысында дала өртін сөндіру кезінде 33 жастағы қызметкердің қаза тапқаны туралы жазған едік.
"TikTok арқылы жарын жолықтырып, заңгерден әншілікке өткен": Желіде танымал болған қазақстандықтар қалай жетістікке жеткенін айтып берді