AAPL
174.15 $
-0.23 %
TSLA
908.61 $
-0.37 %
NDAQ
192.12 $
-0.86 %
GOOGL
120.17 $
0.52 %
FRHC
58.54 $
1.3 %
AAPL
174.15 $
-0.23 %
TSLA
908.61 $
-0.37 %
NDAQ
192.12 $
-0.86 %
GOOGL
120.17 $
0.52 %
FRHC
58.54 $
1.3 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қаңтар" трагедиясының символы: Басына оқ тиіп, өлім аузынан қалған Берік Әбішев ауруханадан шығарылды

“Қаңтар” оқиғалары кезінде басына оқ тиіп, ауыр жарақат алған Берік Әбішев ауруханадан шығарылды. Бұл туралы қоғам белсендісі Болат Әбілов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Берік Әбішев жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қолына мемлекеттік туды ұстап жүрген еді. Әбіловтің хабарлауынша, оған 19 шілдеде түрік нейрохирургы шұғыл операция жасаған. 

“Операция сәтті өтті. Қазір оңалту кезеңі, дәрігерлер сауығу процесі басталғанын айтады. Берік туыстарымен бірге бүгін жақсы көңіл күймен үйге қайтты, ол бәріне ашық-жарқын жауап беріп, мені "ағатай" деп атады. Біз оның тезірек сауығып кетуін тілейміз”, – деп жазды қоғам белсендісі. 

Оның сөзінше, Берік Әбішевке бұған дейін бір ота жасалған, ұзақ уақыт ес-түссіз жатқан. 

“Ғаламторда Беріктің Қазақстан туымен оқ астында жүрген суреті тарап кетті. Берік Әбішев “қаңтар” трагедиясының символына айналды”, – деп жазды Әбілов.


Алматыдағы тәртіпсіздік кезінде ту көтеріп жүрген азамат қазір ауыр халде: Ұлының жағдайы туралы анасы айтып берді

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр