Канело барлық атағынан айырылуы мүмкін
Жартылай ауыр салмақта WBA super чемпионы Дмитрий Бивол мен Сауль Канело Альварес арасындағы қарымта жекпе-жек өтпей қалуы мүмкін деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Өйткені Биволдың менеджері Вадим Корниловтың айтуынша, ол жартылай ауыр салмақта Сауль Альваресті жеңген.
Сол себепті оған екінші рет ондай жекпе-жек қызық емес. Биволдың өзі екінші орта дивизионда Альварестің барлық белбеуі үшін ғана айқасқысы келеді.
Ал Канело жақында жартылай ауыр салмақта қарымта жекпе-жектің міндетті түрде болатынын айтқан еді.
Алайда Вадим Корнилов айтқандай, оған Бивол келісер емес.
Былтыр мамыр айында АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен бірінші жекпе-жекте Бивол Канелоны ұпай санымен (115:113) жеңген болатын.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды

