Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қанат Ислам WBO рейтингінде екінші орынға көтерілді

Кәсіпқой боксшы Қанат Ислам Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBO) жаңартылған рейтингінде бір саты жоғары көтерілді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

WBO жаңартылған рейтингінде британдық Лиам Смит көш бастап тұр. Ал орта салмақта WBO NABO және WBA Inter-Continental нұсқалары бойынша әлем чемпионы Қанат Ислам (25-0, 20 КО) бір саты жоғары көтеріліп, екінші орынға жайғасты. Үшінші орында WBO (International) белбеуінің иегері, ресейлік боксшы Магомед Кубонов тұр.

Еске салайық, Қанат Ислам соңғы кездесуін 9 қыркүйекте Астана қаласында өткізіп, канадалық Брэндон Кукты (18-1, 11 КО) тоғызыншы раундта техникалық нокаутпен жеңген еді. Осылайша отандасымыз WBO NABO және WBA Inter-Continental белбеулерін сақтап қалды.

Оқи отырыңыз:

Головкин «Жыл боксшысы – 2017» көшбасшысы атанды

Иван Дычко Майамиде өткен бокс кешінде қарсыласын нокаутқа түсірді

Қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев Сондерс – Лемье бокс кешінде жеңімпаз атанды

Талқылау