Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Қалаулым» шоуында танысқан орыс жігіті мен қазақ қызы үйлену тойына дайындалып жатыр (фото)

«Қалаулым» шоуының қатысушылары ұлты орыс Алексей мен қазақ қызы Динара шаңырақ көтергелі жатқандарын айтты, деп хабарлайды «Еуразия Бірінші арнасына» сілтеме жасап Stan.kz.

Ағымдағы жылдың басында Алексей Динараның жүргені жаулау үшін «Қалаулым» шоуына келген. Бегілі болғандай, олар бағдарламаға дейін де таныс болған екен. Бірақ олардың арасында достық пен әріптестік қарым-қатынас қана болыпты. Оның үстіне Алексей бұрын отбасылы болған және кішкентай баласы бар. Десе де Динараға бұл жағдай тоқтау бола алмаған.

Алексейдің сөзінше, егер Динара үйлену туралы ұсынысын қабылдаса, ол қазақ тілін үйренеді.

Ал олардың ата-аналары балаларының таңдауына қарсы емес көрінеді. Сондай-ақ, олардың танысуына Алексейдің анасы себеп болыпты. Ал тікелей эфир барысында Алексей болашақ енесінің келісімін алды.

Динараның сөзінше, ол Алексеймен қарым-қатынас құрар алдында өзінің жас емес екенені және тұрмыс құрып, балалы болғысы келетінін ескерткен.

«Алдағы уақытта көрерміз», – деп жауап беріпті Алексей.

Алайда қазіргі уақытта Алексей үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізіп, тойға дайындалып жатыр.

Айта кетсек, эфир барысында Алексей мен Динараның қарым-қатынасына қатысты дау туды. «Жігіттер» тобының мүшесі Ердос Қанаев қазақ қызының шешімін сынап тастады.

«Мұсылман қызына басқа дін өкіліне тұрмысқа шығуға болмайды», – дейді әнші.

Ал Динара адамдарды діни ұстанымына байланысты бөлмейтінін айтып жауап берді.

Оқи отырыңыз:

Семейде атасынан мұра боп қалған мылтықтың кесірінен немересі айыпты болды

Алматы облысында ауыл тұрғындары мен мұғалімдер мектеп директорына қайта шағымдануда

Ақтөбеде хиджаб киген оқушылар келесі сыныпқа көше алмай қалуы мүмкін

Таразда қырыққа жуық қоғамдық көлік рейске шықпай қойды

Талқылау