"Қала орталығынан көше берілсін": Талғат Бигелдиновтың жары өтініш жасады
Алматыдағы азаматтық авиация академиясын Талғат Бегелдиновтың есімімен атап, қала орталығынан көше берілсін. Кеңес одағының екі мәрте батыры атанған тау тұлғаның жары осындай өтініші бар екенін жеткізді. Майдангердің мерейтойына орай жұбайы деректі фильм түсіріп, кітап шығаруды көздейді. Алайда қаржының жоқтығы қолбайлау болуда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Еуразия" арнасына сілтеп хабарлайды.
Сонау 1945 жылы 23 жасында Кеңес Одағының екі мәрте Батыры атанған Талғат Бегелдиновтің соңғыстан кейінгі өмірі Алматымен тығыз байланысты. Ол кісінің өмірі мен еңбек жолына қатысты деректер бұрмалағанған дейді жары Ұрындыбике. Сондықтан батырдың өзі айтқан деректер бойынша кітап шығаруды көздейді.
"Осының бәрі дұрыс жастарға үйретсек екен, дұрыс шындықты білсе екен деген ойменен мен сондай ойым бар кітап шығарайын деп", –дейді Талғат Бигелдиновтың жары Ұрындыбике.
Шығыстан шыққан алқашқы ұшқыш Талғат Бегелдиновтың еңбегі ескеріліп, әскери оқу орны мен Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында көше атауы берілген болатын. Алайда батырдың жарының оған көңілі толмай отыр. Кеңес одағының екі мәрте батырына Алматы қаласының шет жағынан емес, ортасынан көше берілуі тиіс деп есептейді
"Шевченконы алмайтын шығар деп ойлаймын. Бірақ Шевченко мен Қонаев болса өте нұр үстіне нұр болар еді. Өзінің тұрып кеткен үйі, ақырғы сапарға шығарған үйіміз Қонаев көшесі. Не болмаса Ленин көшесі, Достық дейді ғой бәріміздің достығымызды біріктіріп тұрып, көшені берсе екен деген үмітім бар менің", – дейді жары.
Келесі жылы Талғат Бегелдиновтың дүниеге келгеніне 100 жыл. Мерейтойына орай жұбайы деректі фильм түсіруді көздейді. Онымен қоса Алматыдағы азаматтық авиация академиясына, еліміздегі бір әуежайға Талғат Бегелдиновтың есімі берілсе деген тілегін жеткізді.
"Гражданский авиация мына біздің Алматыдағы ұшқыштар ғой онда да, сол ұшқыштардың аты сол несін берсе екен деген ұсынысым бар", - дейді Ұрындыбике Бигелдинова.
Сонымен қатар мерейтойына орай келімді-кетімді кісілер бар. Ұрындыбике апа өздері тұрған үйдің кіреберісін 5 қабатқа дейін кафельдеп, жөндеу жұмыстары жүргізуге 10 миллион теңге жұмсапты. Ал үйдің қасбеті мен ауласын абаттандыруға шамасы келмегендіктен жергілікті әкімдіктен көмек сұраған. Бірақ нәтиже шамалы екен. Қала әкімінің қабылдауына бірнеше жылдан бері кіре алмай келеді. Біз де бұл мәселеге қатысты әкімдіктен жауап ала алмадық.