Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қадіріңді білдім бе?": Асқар Жүнісбековтің марқұм әкесіне арналған жазбасы көпшілікті жылатты

Танымал әнші, хит әндердің орындаушысы Асқар Жүнісбеков жақында әкесінен айырылып қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/askar__tau/

Әншінің анасы да 20 жыл бұрын дүниеден озған. Өнер иесі жеке парақшасына әкесі туралы жан тебірентерлік жазба жариялады. 

“Ата-анадан бұйырған өмірімнің де, тәрбиемнің де құнын құрметтеймін. Ризашылығым да шексіз. Жасымда әкемнің көңілі үшін ”қайтсем де жақсы ұл болуым керек” деп өзімді қамшылауым жаман атқа ұрындырмады. Әкем Марат Шырынбекұлы ораза айттың бірінші күні өмірден озды. Жүрегім сыздап кімді, нені іздейтінімді түсінбеймін. Өзімді ме… Өзімдегі бірдеңені де жоғалтып алғандаймын. Ойыма, жаныма кедергі боп, сипаттауға келмейтін бірдеңе тұр. Біздің алаңсыз өміріміз үшін тірліктің бар бейнетін ауырсынбай мойындарына жүктеп алған осынау асыл жандардың қадірін біле алдық па?! Көңілін таба алдық па?! Перзенттік парызымызды өтей алдық па?!” – деп жазды әнші.



Сонымен қатар өнер иесі тіршілігінде әкесінің бауырында жиі жатқанымен, сырласпағанын есіне алды. 

“Әкем кеткеннен кейін ересек адамдардай ойлана бастадым. Перзенттік парызды өтеу туралы ой неге әкеміз жанымызда жүргенде мазаламады екен?! Әлде әкеміз барда неше жасқа келсең де, бала болып қаласың ба?! Өзімізді бала сезініп, бар ауыртпалықты әкеміздің мойнына жүктедік. Мойныңа мінгізіп еркелеткен, мейірлене құшақтап бауырыңа басқан кездерің енді ешқашан оралмайтын қымбат естеліктер боп қала бермек.
Жатқан жерің жайлы болсын!” – деді эстрада жұлдызы. 

Талқылау