Израильдегі қалған қазақстандық азаматтар елге өз беттерінше қайтады - Сыртқы істер министрлігі
Енді Израильден Қазақстанға репатриациялық рейстер болмайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сыртқы істер министрлігінің өкілі Айбек Смадияров бірінші рейс азаматтарымыз үшін арнайы бағамен ұйымдастырылғанын еске салды, кейінгілері өз бетінше төленетінін айтты. Израильдегі әуежай штаттық режимде жұмыс істеуде, сондықтан оларды арнайы алып кетудің қажеті жоқ.
"Егер әуежай жұмыс істемесе және бүкіл ел жабық болса, онда эвакуация туралы әңгіме болар еді. Бірінші рейс репатриациялық болды. Мұндай рейстер енді болмайды", – деді Смадияров.
16 қазанда Қазақстанның Израильдегі елшілігіне жүзден астам азамат жүгінген. Олардың бір бөлігі қазақстандық дипломаттардың көмегімен елден өз бетінше кетіп қалды.
10 қазанда Израильден 124 қазақстандық және 42 шетелдік азамат Air Astana рейсі арқылы эвакуацияланды.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды
Турагенттіктің айтуынша, ертесі оған әйелдің қызы хабарласып, анасының көзін ашпай жатқанын айтқан
"Семіз екенімізді білеміз, айта берудің қажеті жоқ": Қазақстандықтар қоғамда толық адамдарға ашық қысым көрсетілетініне шағымданды
Алматылық: “Мә, қайда өсіп бара жатсың, дәу боп кеткенсің ғой” деу қаншалықты орынды?"