Израиль Сирияның қорғаныс министрлігі ғимаратына соққы жасады

Фото: Видеодан скриншот
16 шілдеде Израиль қорғаныс күштері Дамаск орталығындағы Сирия қорғаныс министрлігінің штаб-пәтері орналасқан ғимаратқа әуеден соққы берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сирия денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдеуінше, бір адам қаза тауып, 18 адам жараланды.
Қорғаныс министрлігі кемінде екі ұшқышсыз ұшақтың ғимаратқа соққы бергенін және офицерлердің жертөледе жасырынып жатқанын айтты. Әл-Эхбария мемлекеттік телеарнасы Израильдің соққысынан екі бейбіт тұрғынның жараланғанын хабарлады.
"Біраз уақыт бұрын Израиль қорғаныс күштері Дамаск аймағындағы Сирия режимінің әскери штабының кіреберісіне соққы берді", – деп хабарлады Израиль.
Осыдан кейін Израиль үш соққы жасап, Омейяд алаңында жарылыс болған.
Еске салсақ, Израиль "друздарды қорғау үшін" Сирияға соққы жасаған еді.
Астанада тіс емдеу кезінде көз жұмған 3 жасар қыздың өлімі: Сотта жаңа күмәндер мен сараптамалық қайшылықтар туындады
Ата-аналар сотта наркоздың зияны жоқ екенін реаниматолог пен анестезиолог алдын ала айтты дейді
Алматы әкімдігі тұрғындардың наразылығын тудырған эстакадаға қатысты суретке түсініктеме берді
Тағы бірі Алматыдағы кейбір жол құрылыстары кептелісті жеңілдетуден гөрі арттырады деп алаңдайды