Израиль, ХАМАС және АҚШ бітімге келді – БАҚ
Израиль, ХАМАС және АҚШ бітімге келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Washington Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның хабарлауынша, келісім шарттарына сәйкес, әскери қимылдардағы үзіліс бес күнге созылады. Ол Газа секторына Мысырдан жеткізілетін гуманитарлық көмек, соның ішінде жанар-жағармай көлемін арттырады.
Сондай-ақ басылымның жазуынша, палестиналық топ ондаған кепілге алынғандарды босатуға міндеттелді. Кепілге алынғандардың алғашқы топтары жақын күндері тасымалдана бастайды. Бітімгершілікті сақтау "әуеден бақыланады".
Айта кетейік, Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыс 7 қазанда таңертең басталды. Израильдегі тұрақсыз жағдайға байланысты Air Astana әуе компаниясы Тель-Авивке барлық рейсті уақытша тоқтатты. Еліміздің Тель-Авивтегі елшілігі Израильдегі жағдайға байланысты Қазақстан азаматтарына мәлімдеме жасады. Түрік оппозициясы мен Иран парламенті Израиль мен Палестинаның арасындағы әскери қақтығыста Палестинаны қолдады. Израиль қорғаныс күштері ХАМАС-қа қарсы құрлық операциясы кезінде Газа секторындағы ең үлкен Әл-Шифа ауруханасын қоршауға алғанын хабарлаған болатынбыз.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды